Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2022

Абай облысында қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына орден табысталды

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев және Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков дала өртін сөндіру кезінде күйік шалып, қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына ҚР Президентінің атынан ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысында қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына орден табысталды

Сонымен қатар 3 бөлмелі пәтердің сертификаты да берілді. Жүздесу барысында Айдос Тоғызбаевтың өртпен күрес кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлық ерлігі жайлы айтылды.

о

«Айдос Тоғызбаевтың батылдығы мен батырлығы, қайсарлығы мен өз қызметіне адалдығы баршамызға үлгі-өнеге болып қала бермек. Антына адал Айдос бауырымыз бойында дәл осындай қасиеттер барын ерлігімен дәлелдеп кетті. Мен, Абай облысы тұрғындарының және жеке өзімнің атымнан марқұмның жолдасына, туған туыстарына тағы бір мәрте қайғырып көңіл айтамын», деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.