Әлем • 13 Қыркүйек, 2022

Үндістанда қонақүйдегі өрттен 8 адам қаза тапты

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның Секундерабад қаласындағы қонақүйге іргелес орналасқан электр көліктері бар көрме залында болған өрт салдарынан сегіз адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz India Today агенттігіне сілтеме жасап.

Үндістанда қонақүйдегі өрттен 8 адам қаза тапты

«Полиция келген кезде көрме залы мен қонақүй қою түтінге толған. Өрт сөндірушілер баспалдақтың көмегімен бірнеше адамды аман алып қалды. Құтқарушылар жоғарыға көтеріліп, ес-түссіз жатқан алты адамды алып шыққан», деді жергілікті полиция өкілі Дипти Чандана. 

Зардап шеккендердің барлығы ғимаратта орналасқан қонақүй қонақтары. Өрт кезінде онда 25 адам болған. Кейбіреулері өздігінен шығып үлгерген. Екі адам терезеден секіріп кетті. 

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Болжам бойынша, өртке түнде зарядтауға қалдырылған электр көлігі себеп болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Ұлыс пен ырыстың негізі

Наурызнама • Бүгін, 08:50

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

«Amanat» партиясының үндеуі

Партия • Бүгін, 08:22

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20