Саясат • 13 Қыркүйек, 2022

Ұлттың әл-ауқатын арттырады

264 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Amanat партиясы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі Miras республикалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста кеңес мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын талқылады.

Ұлттың әл-ауқатын арттырады

Кеңес төрағасы, Парламент Мәжі­лісінің депутаты Аманжол Әлтай отырыстың басты мақсаты елімізде қолға алған реформалардың мән-мағы­насын, Жолдаудың басым бағыттарын қоғамға жеткізіп, халықты ұйыстыру, алға қойған міндеттерді жүзеге асыруға қоғаммен бірлесіп ықпал ету екенін жеткізді.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының ауқымы кең, мазмұны ерекше. Жолдауда көтеріл­ген байыпты бастамалар қорда­ланған мәселелердің шешу жолдарын ай­қындап, мемлекетті одан әрі жаңғыр­ту ісіне жаңа міндеттер қойып, тұрғын­дардың әл-ауқатын арттыруға серпін береді. «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» – аманатқа адал, еңселі ел болу жолындағы айқын мақсат. Жаңа эко­но­микалық саясат, нақты секторды дамыту, ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция, мем­лекеттік басқару ісін қайта жаңғыр­ту, заң және тәртіп үстемдігі – Мемлекет басшысы ұсынған Жолдаудың маңызды бағдарлары. «Күшті Президент – ық­палды Парламент – есеп беретін Үкі­мет» формуласы негізінде Прези­дент қолға алған реформаларды іске асы­ру – ортақ мақсатымыз. Ол үшін ұлт­тық тұтастық, ортақ мақсат жолында бірі­гу, әділеттілік, жаңашылдық пен табан­дылық, білім мен білікті­лік, мемлекеттік мінез қажет», деді Аманжол Әлтай.

Өз кезегінде, Парламент Мәжілі­сінің депутаты Дархан Мыңбай Президент Жолдауында айтылған мәселелерді халыққа жеткізу – басты мақсат екенін жеткізді. Маңызды құжаттағы ойларды ортаға салып, оны жүзеге асыру мәсе­лесіне мән беру қажет екенін атап өтті.

«Бүгінгі мемлекеттік басқару ісін жаң­ғырту жұмысы ең алдымен жаңа экономикалық саясатқа қатысты болмақ. Себебі кез келген істің ар жа­ғын­­да қаржы көзі болмаса, бастама­ның барлығы құр жалаң сөзге айнала­ды. Сон­дықтан Президенттің «Азамат-бизнес-мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз деген сөзі көптің көңілінен шығып отыр», деді депутат.

Ал Сенат депутаты Динара Нөке­таева Жолдауда айтылған Ұлттық қор­дың жыл сайынғы инвестициялық табысының бір бөлігін балаларға аудару мәселесіне тоқталды. «Қазақстан­да жыл сайын 420 мыңға жуық бала дүниеге келеді. Бұл ретте «Ұлт­тық қор – балаларға» бағдарламасы Әділетті Қазақстан құру жолындағы аса маңызды бастама болып отыр. Бұл – ел ертеңіне негізделген стратегиялық инвестиция, ұрпақ қамын ойлаған ұтымды бағдарлама», деді сенатор.

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Жолдауда көрініс тапқан маңызды мәселенің бірі – игеріл­мей жатқан жерді мемлекет меншігі­не қайтару жұмысы жайлы айтты. «Жолдауда Мемлекет басшысы жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы 5 млн гектар жерді қайтару жоспарланып отырғанын жеткізді. Бұл игі істе партия жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының үлесі ұшан-теңіз. Аталған комиссия Мем­лекет басшысының пәрменімен құрыл­ған болатын. Бүгінде Әділеттілікті қал­пы­на келтіру мақсатында бір кездері заң­сыз жеке меншікке өтіп кеткен жер­лерді мемлекет меншігіне қайтару жұмы­сы қарқынды жүріп жатыр. Қазір қоғам­да жайылым, шабындық мәселесі өте өзекті. Сондықтан Президент Жол­дауындағы жер мәселесінің маңызы зор», деді Ж.Әшімжан.

Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым елімізге жаңа сая­си өзгерістер ауадай қажет екенін алға тартты. Оның айтуынша, мұндай өзгерістерге бел бумайынша Әділетті Қазақстанды құру, жарқын болашаққа ұмтылу, жаңа саяси дәуірге қадам басу мүмкін емес.

Нұр-Сұлтан қаласы түрік этно­мәде­ни орталығының төрағасы Әскер Пириев кеңес мүшелерінің назарын Жол­дауда айтылған кәсіпкерлікті дамыту мен инвестиция мәселесіне аудар­ды. «Мемлекет басшысы Жолдауда кә­сіп­кер­лікті жүйелі түрде қолдау мә­се­ле­сіне ерекше тоқталды. Тіпті заң­на­ма­лық құжат пен нұсқаулықты қай­та-қайта түзете берудің орнына ық­шам әрі түсінікті жаңа ережелерді бекіт­кен жөн деп санап, бұл тәсілді 2024 жыл­­дан бастап енгізу қажет екенін жеткіз­ді. Президенттің бұл ұсынысын толық қол­даймын. Экономиканың локомо­тиві – шағын және орта бизнес. Сондық­­тан мем­лекет кәсіпкерлерге кедергі кел­­тір­мей, керісінше қолдау көрсетуге тиіс. Мемлекет кәсіпкерлердің жұмысын тексеру емес, бақылап отыруы қажет», деді Ә.Пириев.

М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің басқарма төр­аға­сы­ның орынбасары Айнұр Кәр­бозова Жолдаудағы білім саласына қатысты айтылған ойлардың маңыз­дылығына мән берді. «Өкінішке қарай, қазіргі таңда еліміздегі мектеп оқушыларының 80 пайыздан астамы болашақ мамандықты қалай таңдау керек екенін білмейді. Кәсіби бағдар алмаған. Бұл ретте Президент биылғы Жолдауында жоғары білім саласына қатысты бірнеше маңызды бастама көтерді. Соның ішінде, инженерлік-техникалық мамандар дайындығын күшейту, жоғары оқу орындарындағы білім сапасын жақсарту, гранттар санын көбейту, жастардың жағдайын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл бастамалар – жастар қауымы үшін аса маңызды», деді Айнұр Кәрбозова.

Сондай-ақ отырыс барысында кеңестің тұрақты мүшелерімен қатар, арнайы шақырылған қонақтар да сөз сөйледі. Орамды ойларын ор­таға салды. «Барлық пікір білдірген азаматтарға алғыс айтамын. Расында, Жолдаудың басым бағыттары ұлтты ұйыстырып, әл-ауқатын арттырып, бірлігін бекем етеді деп сенемін», деп түйіндеді Аманжол Әлтай.