Кәсіпқой бокс • 14 Қыркүйек, 2022

Головкин мен «Канело» Лас-Вегаста жүздесті

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен оның қарсыласы мексикалық Сауль Альварес жекпе-жек өткізу үшін Лас-Вегасқа келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Головкин мен «Канело» Лас-Вегаста жүздесті

Фото: Турар Казангапов

Боксшылар MGM Grand қонақүйінде жүздесті. Головкин жанкүйерлерінің алдына бірінші болып шықты. Ал Альварес GGG-ден кейін мексикалық музыканттардың сүйемелдеуімен келді. Боксшылар жекпе-жек алдында көзқарас дуэлін өткізді. 

«Соңғы екі жекпе-жегімнен керемет естеліктер қалды. Рингке қайта шығатыныма қуаныштымын», деді Головкин алдағы трилогия жайлы. 

Бейсенбі күні боксшылар соңғы ресми баспасөз мәслихатын өткізсе, жұмада ресми салмақ өлшеу рәсімі өтеді. 

Қазақстан уақыты бойынша жекпе-жек 18 қыркүйек, жексенбі күні таңертең өтеді.

Еске салайық, Головкин мен Альварес екі рет кездесті. 2017 жылдың қыркүйегінде өткен бірінші кездесуде төрешілер тең нәтиже беріп, бір жылдан кейін жеңісті Альвареске берген еді.