Елорда • 14 Қыркүйек, 2022

Тоқаев рухани көшбасшылар Съезінің басты ерекшелігін атады

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі әлемдегі күрделі геосаяси жағдайда діни көшбасшылардың елордадағы басқосуы өте маңызды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тоқаев рухани көшбасшылар Съезінің басты ерекшелігін атады

«Қазіргідей қиын кезеңде дін лидерлерінің бір үстелде кездесуі өте маңызды. Бұл бүкіл адамзатқа ортақ пікірге келіп, кез-келген мәселе бойынша шешім табуға болатындығын көрсетеді. Менің ойымша, Съездің басты миссиясы мен ерекшелігі нақ осында», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезі өтуде.

VII Съездің басты тақырыбы - пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі.

Діни форумның ерекшелігі - Жоғарғы имам Әл-Азхар Шейх Ахмед ат-Тайебтің, Израильдің Ашкенази раввині Давид лаудың, Рим Папасы Францисктің Қазақстанға ресми сапарлары.

Рим Папасының Съезге ресми сапары барысында Рим-Католик шіркеуінің латын салтындағы негізгі литургиялық қызмет - ауқымды діни месса өтеді. Мессаға түрлі дін мен конфессия өкілдері қатысады деп күтілуде.