Президент • 14 Қыркүйек, 2022

Мемлекет басшысы Ресей мұсылмандары қауымының өкілдерімен кездесті

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдинмен және Татарстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Камиль Самигуллинмен кездесті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Ресей мұсылмандары қауымының өкілдерімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Съездің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілетуге белсене атсалысқаны үшін оларға ризашылығын білдірді.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл ақпан айында өзінің Татарстанға сапарын еске алып, оларды Еділ Бұлғариясының исламды қабылдағанына 1100 жыл толуымен құттықтады. Оның айтуынша, бұл тарихи оқиғаның Татарстан мұсылмандары мен Ресейдің барша көпконфессиялы халқы үшін маңызы орасан зор.

Р

Равиль Гайнутдинов пен Камиль Самигуллин кездесу өткізгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, VII съездің ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады.