Елорда • 14 Қыркүйек, 2022

Ономастикалық комиссия елорданың бұрынғы атауын қайтаруды қолдады

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ономастикалық комиссиясының кезекті отырысында Нұр-Сұлтан қаласының бұрынғы атауын қайтару туралы мәселе талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ономастикалық комиссия елорданың бұрынғы атауын қайтаруды қолдады

Бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері мен қала тұрғындары елорданы Астана қаласы деп қайта атау туралы мәселені көтерген еді. Жуырда парламентшілердің ұсынысы Конституциялық заң жобасына да енгізілді.

Ономастика комиссиясының отырысына Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Мемлекет тарихы институты» РММ директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Аяған, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Әбсеметов, педагогика ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері Т.Кішкашбаев, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру орталығы» КЕАҚ бас директоры Е.Тілешов, Қазақстан Жазушылар Одағы қалалық филиалының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Д.Кәпұлы қатысты.

Ономастика комиссиясының мүшелері елорданы қайта атау туралы ұсынысты қолдады.