Айта кетсек, WTA турнирінің жүлде қоры 200 мың еуроны құрайды.
Аталған сайыстарда қазақстандық спортшы Германия өкілі Лаура Зигемундтан басым түсті. Бұл жеңіс үшін Рыбакина барлық үш партияны пайдаланып, ойынды 6:7, 6:4, 7:6 есебімен аяқтады. Кездесу 3 сағат 22 минутқа созылды.
Енді Уимблдон-2022 чемпионы WTA Portoroz турнирінің екінші айналымындағы матчта әлемнің 66-шы ракеткасы чехиялық Тереза Мартинцовамен кездеседі.