Теннис • 14 Қыркүйек, 2022

Бейбіт Жукаев Ыстанбұл турнирінің ширек финалына жолдама алды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Ыстанбұл челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Бейбіт Жукаев Ыстанбұл турнирінің ширек финалына жолдама алды

Дүниежүзілік рейтингте 357-орында тұрған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 234-інші, осы жарыстың 8-ші ракеткасы, испаниялық Николас Альварес Варонамен кортқа шықты. Отандасымыз сәтті өнер көрсетіп, 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Бейбіт Жукаев 4 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана алды. Ал оның қарсыласы 4 эйспен ғана көзге түсті.

Енді Бейбіт жартылай финалға шығу үшін әлемнің 108-інші, доданың 2-ші ракеткасы, молдовалық Раду Алботпен шеберлік байқасады.