15 Мамыр, 2014

Қызылордада құрамында сынабы бар шамдар цехы салынады

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

АСТАНА. 15 мамыр. Қызылордада сынабы бар шамдар мен құрылғыларды қайта өңдеу цехы салынады. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Тельман Сүлейменов хабарлады. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер Қайрат Нұрекешов өндіріс ашу үшін 6 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз грантты жеңіп алды. Цех қоршаған ортаға қауіпсіз сынап өндіретін Ресейден шыққан «Электрон-2 әмбебап» құрылғысымен қамтамасыз етілген. Құрылғы күніне 500 шамға дейін қайта өңдейді. Құрамында сынабы бар құрылғыны қайта өңдеу кезінде ол химиялық тұрғыдан залалсыздандырылады. Кәсіпкердің айтуынша, қалдықтар тас төсеуіш шикізат ретінде құрылысқа пайдаланылады немесе полигонға көміледі. «Электр энергиясын үнемдегіш шамдар бүгінде мемлекеттік мекемелер болсын, қарапайым тұрғындардың пәтерінде болсын, барлық жерде қолданыста. Қазіргі уақытта біз қаладағы бірнеше мекемелермен келісімшарт жасастық», - деді Қ.Нұрекешов. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы. Фото: www.adex.ru.