Қоғам • 15 Қыркүйек, 2022

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлар қымбаттады

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы ай басынан бері 0,3%-ға, жыл басынан бері 19,3%-ға өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлар қымбаттады

Бір жыл ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар 19,5%-ға қымбаттады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға жоғары.

Өткен аптада қымбаттаған тауарлар:

  • Макарон бұйымдары - 2,6%;
  • І санаттағы жұмыртқа - 1,6%;
  • Күріш - 1,1%.

Өткен аптада арзандаған тауарлар:

  • Пияз - 7,5%;
  • Сәбіз - 4,6%;
  • Ақ қырыққабат - 2,8%.

Сонымен қатар 13 қыркүйекте кейбір өнімдердің орташа бағасы көрсетілген:

  • Макарон бұйымдары - 285 тг/кг;
  • Тауық еті - 1197 тг/кг;
  • Картоп - 159 тг/кг.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 тауар, оның ішінде: ұн, нан, макарон өнімдері, жұмыртқа, қарақұмық, күріш, қант, күнбағыс және сары май, еттің кейбір түрлері (сиыр еті, тауық еті), сүт өнімдері (сүт, айран, сүзбе), көкөністер (картоп, сәбіз, пияз, картоп, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) және тұз кіреді.