2022 жылғы қаңтар-шілдедегі тауарлар экспорты – 4 524,3 млн доллар (2% көп), импорт 10 256,8 млн доллар (4,3% көп) деңгейінде қалыптасты.
Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымының жалпы көлеміндегі ЕАЭО елдерінің үлесіне келсек, Ресей Федерациясы – 92,5%, Қырғызстан Республикасы – 4%, Беларусь Республикасы – 3,4%, Армения Республикасы – 0,1%.
ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда радиоактивті химиялық изотоптардың элементтері мен олардың қосылыстары, құрамында осы өнімдер бар қоспалар мен қалдықтар бойынша өсім 1,7 есе болды.
Бұл ретте күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кені мен концентраттары бойынша төмендеу байқалады (69,7% аз). Импортта мыс кені мен концентраттары бойынша өсім байқалады – 4,1 есе. Бұл ретте жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары бойынша төмендеу бар (66,7% аз).
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен арадағы саудасы* (млн АҚШ доллары)
|
Экспорт |
Импорт |
||
қаңтар-шілде 2021ж. |
қаңтар-шілде 2022ж. |
қаңтар- шілде 2021ж. |
қаңтар- шілде 2022ж. |
|
Ресей |
4 001,2 |
4 103,7 |
9 210,6 |
9 570,7 |
Қырғызстан |
368,0 |
367,1 |
193,4 |
221,1 |
Беларусь |
62,9 |
48,2 |
427,1 |
458,5 |
Армения |
4,0 |
5,4 |
5,8 |
6,4 |
Барлығы |
4 436,0 |
4 524,3 |
9 836,9 |
10 256,8 |
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен экспорт және импорт тауарлық бөлінісі
пайызбен