Елорда • 16 Қыркүйек, 2022

Парламент елорданың бұрынғы атауын қайтаруды мақұлдады

1492 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданған шешім бойынша Нұр-Сұлтан қаласына Астана атауы қайтарылатын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Парламент елорданың бұрынғы атауын қайтаруды мақұлдады

Елорданы қайта атау туралы бастаманы «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы ұсынды.

«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының ұсынысына Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында депутаттар бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

Еске сала кетсек, 2 қыркүйекте «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері елордаға бұрынғы атауын қайтаруды ұсынған еді.