Әлем • 16 Қыркүйек, 2022

Әзербайжанмен қақтығыста 135 армяндық қаза тапты

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Армения премьер-министрі Никол Пашинян жұма күні үкімет отырысында Әзербайжанмен шекарадағы жағдайдың шиеленісуінен 135 армян әскери қызметкерінің қаза тапқаны туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Әзербайжанмен қақтығыста 135 армяндық қаза тапты

«Өкінішке қарай, бұл соңғы көрсеткіш емес. Бізде жараланғандар көп», деді Пашинян.

Бұл ретте Армения премьер-министрі әскери жағдай режимін енгізуді орынсыз санайды.

Еске салайық, 13 қыркүйекте Әзербайжан мен Армения шекарасында қақтығыс қайта басталған еді.