Әлем • 16 Қыркүйек, 2022

Франция әуежайларының біріне II Елизаветаның есімі беріледі

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның солтүстігіндегі Ле-Туке-Кот-д'Опаль халықаралық әуежайына II Елизаветаның аты беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz Travelweekly сайтына сілтеме жасап.

Франция әуежайларының біріне II Елизаветаның есімі беріледі

14 қазаннан бастап әуежай Aéroport international Le Touquet-Paris-Plage Elizabeth II деп аталады.

«Патшайым II Елизаветаға құрмет көрсету үшін әуежайға есімін бердік. Ол 70 жыл ішінде өз еліне адал, құрметпен және тұрақтылықпен қызмет еткен», делінген хабарламада.

Ле-Туке-Пари-Плаж немесе жай Ле-Туке, қазіргі уақытта Францияның солтүстігіндегі ең талғампаз теңіз курорты.