Хоккей • 18 Қыркүйек, 2022

«Барыс» ҚХЛ маусымында үшінші жеңіске жетті

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы өз алаңында Новосібірден келген «Сібір» командасымен ойнап, Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатының үй сериясында үшінші жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Барыс» ҚХЛ маусымында үшінші жеңіске жетті

Мұз иелері матчтың 4-ші минутында есепті ашты. Елордалық команданың мүшесі Линден Вей қонақтардың қателігін пайдаланып, шайба соқтырды.

Көп ұзамай «Барыс» өз басымдығын арттырып, қазақстандық жанкүйерлерді қуантты. Егор Петухов есепті 2:0-ге жеткізді.

Екінші және үшінші кезең өзгеріссіз өтті. Елордалық клубтың қорытынды жеңісі - 2:0.

Бұл жетістік «Барысқа» Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 9-шы орыннан 6-шы орынға көтерілуге мүмкіндік берді.

Қазақстандық хоккейшілер келесі жекпе-жекті 20 қыркүйекте Екатеринбургтен келген «Автомобилистпен» өз үйінде өткізеді.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше