Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2022

Спорт – өмір салты

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Намысқа тырысқан жас балуандардың ерлігін көргенде әлемдік додаларда жауырыны жер иіскеп қайтқан жігіттердің алдын орар батырлардың келе жатқанын аңдайсыз. Олар әлі бала, бірақ осы қарқынынан қайтпаса 23 жыл қоржынға түспеген алтынды қанжығаға салары анық. Бұл ойға спорт ардагері Сәдуақас Қожасбаевты еске алуға арналған дәстүрлі спартакиадада келдік.

Спорт – өмір салты

Жыл сайын жастардың басын қосатын спорт додасы Сарқан ауда­нында өтті. Бұл игілікті іс-ша­ра Қо­жасбаевтар отбасының де­меу­шілігімен әрі аудан әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Атал­­­ған спорттық жарысқа Жетісу облысының түкпір-түкпірінен, сон­дай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысынан 1000 спортшы қатысты. Жарыстың жалпы жүлде қоры 7 млн теңгені құрады.

Спартакиада бағдарламасына жасөспірімдер арасындағы еркін күрес және джиу-джитсу, қол күресі, ерлер арасындағы волейбол, ерлер мен ардагерлер арасындағы шағын футбол, сондай-ақ жалпы марафон түрлері кірді.

Айта кетер болсақ, Сарқан ауда­нында туып-өскен Қожасбаевтар отбасы ауданның қоғамдық өміріне белсене атсалысып, мемлекет-же­ке­меншік әріптестігі аясындағы жобалар мен бизнес-жобаларды жү­зеге асыруға қолдау білдіріп, жер­лестеріне әлеуметтік қолдау мен жас­тардың бұқаралық спортын да­мытуға ерекше көңіл бөліп келеді.

Мәселен, соңғы жылдары Қожас­баевтар отбасы Сарқан қаласында 8 спорт алаңын салып берді. Об­лыс­тық мәслихаттың депутаты ре­тінде кәсіпкер Руслан Қожас­баев ме­це­наттықпен айналысып, өңірдің дамуына өз үлесін қосып жүр.

 

Жетісу облысы