16 Мамыр, 2014

Еңбек әулеттеріне құрмет

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада «Самұрық Қазына» АҚ компаниялар тобының ұйымдастырушысы еңбек әулеттері күнін мерекелеу шарасы өтті. Аталған басқосуға «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев қатысып, еңбек әулеттерін мерекелерімен құттықтады. Ұрпақтар сабақтастығы мен әлеуметтік тұрақтылықты қоғамдық ынталандыру ретінде еңбек әулеттері институтын ­жария ету мен қолдауды мақсат еткен игі шараға еліміздің бірқатар өңірлерінен саладағы еңбек өтілдері ғасырларды құрай­тын атадан балаға мирас болып кеткен әулет мүшелері қатысты. Олардың қатарында теміржол саласында ұзақ жыл­дық өтілі бар семейлік Мұсабаев­тар әулеті де бар. Әке мен бала, сондай-ақ, немерелері мен шөберелерін қосқанда жалпы саны 23 адам бүгіндері осы теміржол саласында қызмет етуде. Ал, петропавлдық пошташы Дюселековтер әулетінің үш буынындағы 6 адам да осы салаға еңбек сіңіруде. «Бүгінгі шара «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақалаларда қойылған міндеттерді іске асыруға бағытталған. Осылай еңбек әулеттерін қолдау мен келер ұрпақтың еңбекке ұмтылысы мен құрметін жоғарылату болып табылады», дейді шараны ұйымдастырушылар. Мереке аясында еңбек әулет­­тері өкілдеріне наградалар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, «Арай» саябағында еңбек әулеттері аллеясына ағаштар отырғызылды. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан».