2014 жылдың 21-23 мамыры күндері VII Астана экономикалық форумы аясында (АЭФ) «G-Global – жаңа экономикадағы әйелдер рөлі» атты халықаралық әйелдер форумы өтеді.
Астана экономикалық форумы әлемдегі ауқымды халықаралық форумдардың бірі болып табылады. Ол жыл сайын қазіргі заманның негізгі экономикалық және әлеуметтік мәселелерімен күресу жолдарын іздестіру мақсатында жаһандық көшбасшыларды, сарапшыларды және қоғам мен бизнес-қауымдастықтар өкілдерінің басын қосады. Жыл сайын Астана әлемдік экономикалық проблемаларды шешу үшін әлемнің әр түкпірінен көрнекті әрі беделді сарапшыларды қабылдайды.
Астана экономикалық форумы аясында Қазақстанның Іскер әйелдер ассоциациясы 2012 жылдан бастап дәстүрлі түрде әйелдер форумын өткізіп келеді. Осы форум аясында тұрғындардың, оның ішінде әйелдердің өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты барлық өзекті және маңызды мәселелер талқыланады.
«Осындай іс-шараны тұрақты түрде өткізіп тұру идеясы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлі халыққа Жолдауын зерттеу барысында пайда болды», дейді ұйымдастырушылар. Жолдауда қоғам дамуындағы әйелдердің маңызды рөлі, экономиканың сәтті дамуы, әлеуметтік шиеленістің төмендеуі мен тұрғындардың өмір сүру деңгейінің артуы үшін шағын және орта бизнес, соның ішінде әйелдер кәсіпкерлігінің маңыздылығына ерекше көңіл бөлінген.
Әлемдегі халықтың 50 пайыздан астамын әйелдер құрайды және олардың өзі тұратын, балалары өмір сүретін қоғамға көзқарасы немқұрайлы емес. Әйелдер құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге қажетті шарттарды мойындап, қамтамасыз етуші елдер дұрыс бағытта келеді. Қазақстан Республикасының гендерлік тең құқықтық мәселесіндегі жетістіктерін халықаралық қауымдастық мойындаған. 2013 жылы жүргізілген жыныстық тең құқықтық деңгейі рейтингінде Қазақстан 136 ел арасында 32-ші орынға ие болды.
Елбасының бастамасымен әйелдер және олардың қоғамдағы орнын жақсарту жөніндегі әйелдер қозғалысын қолдауы нәтижесінде жұмыспен қамтылу, әйелдердің кәсіпкерлігі мен саяси көшбасшылығын дамыту мәселелері елдің бағдарламалық құжаттарында да көрініс тапты. Қазір Қазақстанда барлық салалардағы әйелдердің белсенділігі жоғары. «G-Global – жаңа экономикадағы әйелдер рөлі» халықаралық әйелдер форумының мақсаты – әйелдер әлеуетін дамыту, инвестиция мен инновацияларды тарту, сонымен қатар Астанада болатын ЭКСПО-2017 көрмесіне әлемнің әйел-кәсіпкерлерін қатыстыру үшін жүйелі түрде дайындық жұмыстарын жүргізу. Форум бағдарламасы екі секциядан құралған – «Әйелдердің саяси және экономикалық мүмкіндіктері» және «Орталық Азия және Ауғанстан әйелдерінің рөлі».
Форумда ашық пікірсайысқа көрнекті сарапшылар мен қонақтар қатысады. Форум жұмысына Ауғанстанның әйел істері жөніндегі министрі – Хасан Бану Газанфар, Қырғыз Республикасы Парламенті депутаты – Алтыбаева Айнуру, Өзбекстан Республикасы Заң шығарушы палатасы Мәжіліс депутаты – Ниязова Жамила, Түрікменстан Республикасы Мәжіліс депутаты – Казакова Джерен, Қазақстан Республикасының Украинадағы құрметті консулы – Маслюк Галина және басқалар қатысады. Форум аясында Ассоциация әлемдік сарапшылар мен әйелдер қозғалысы көшбасшыларының шеберлік-сыныптары мен танымал бизнес-жаттықтырушылардың тренингтерін ұйымдастырады.
Форум соңында шетелдік әріптестер және кәсіпкерлер ынтымақтастық туралы келісімдерге, меморандумдарға қол қояды. Бұл ЭКСПО-2017 көрмесіне және біздің елдегі бизнестің дамуына әлемдік кәсіпкерлер секторының қызығушылығын арттыра түседі.
«Егемен-ақпарат».

Маңғыстауда жаппай мал қырылып жатыр: фермерлер өтемақы талап етті
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • 22 Сәуір, 2026
СҚО-да кәріз станциясын жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • 22 Сәуір, 2026
Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • 22 Сәуір, 2026
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • 22 Сәуір, 2026
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • 22 Сәуір, 2026
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • 22 Сәуір, 2026
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • 22 Сәуір, 2026
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • 22 Сәуір, 2026
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • 22 Сәуір, 2026
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • 22 Сәуір, 2026
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • 22 Сәуір, 2026