Астанада Қорғаныс министрлігінің, Сыртқы істер министрлігінің, ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы Бірлескен бақылау тобының (ББТ) 30 сессиясына қатысушы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан делегацияларының басшыларымен кездесті.
Сессияның күн тәртібіне Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы арасындағы 1996 жылғы 26 сәуірдегі шекара ауданында әскери саладағы сенімді нығайту туралы (Шанхай келісімі )және 1997 жылғы 24 сәуірдегі шекара ауданында Қарулы Күштерді өзара тиімді қысқарту туралы (Мәскеу келісімі) Келісімдерді орындау мәселелері шығарылды.
Сессия барысында 2013 жылғы инспекциялық қызметтің қорытындысы шығарылып, ағымдағы жылы өзара тиімді инспекция жүргізу мәселелері анықталатын болады. Бірлескен бақылау тобы 30 сессиясының жұмыс қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қою жоспарлануда.
ББТ сессиясы 1999 жылдан бері тұрақты негізде өткізіліп келеді. Ол Бірлескен тараптар делегациясы (Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан) жоғары лауазымды тұлға сыртқы саяси қорғаныс ведомстволары сарапшылары деңгейіндегі ҚХР делегацияларынан тұрады.
ББТ қызметі 15 жыл ішінде барлық қатысушы мемлекеттер Шанхай және Мәскеу келісімдерінің ережелерін сәтті іске асырып келе жатқанын дәлелдейді. Бірлескен бақылау тобы шеңберінде тұрақты негізде инспекциялық және мәлімдеу қызметтерін жүргізіп, кездесулер өткізіп тұрады.
ББТ механизмі бес мемлекеттің арасындағы тату көршілік пен достықтың дамуында, шекара аудандарында қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуда маңызды орын алады.
«Егемен-ақпарат».