Әлеуметтік желіде тараған видеоролик бойынша «Атакент» көрме орталығының алдында жаппай төбелес болған.
Қалалық полиция департаменті хабарлағандай, студенттер ойын-сауық орталығында оқуға түскендерін атап өткен. Төбелес салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
«Аталған факті ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Төбелеске қатысқандардың әрқайсысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталып, жауапкершілікке тартылады», деді Бостандық аудандық полиция басқармасының басшысы Думан Аухадиев.