Спорт • 20 Қыркүйек, 2022

Гран-придің бірінші кезеңі басталды

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада шахматтан әйелдер ара­сындағы 2022/23 жылғы Гран-при жарысының бірінші кезеңі басталды. 30 қыркүйекке дейін жалғасатын халықаралық турнирде әлемнің ең үздік деген 12 спортшысы бақ сынап жатыр.

Гран-придің бірінші кезеңі басталды

Өз елімізде ұйымдастырылып жатқан Women Grand Prix 2022 турниріне Қазақстан құрамасы сапынан былтырғы жылдам шахматтан (блиц) әлем чемпионатының жеңімпазы Бибісара Асаубаева мен талай бәсекеде топ жарған халықаралық дәре­же­дегі гроссмейстер Жансая Әбдімәлік қа­ты­сып, ел намысын қорғауда.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 200 миллион теңгені құрайды. Бірінші орынға ие болған шахматшыға 15 мың еуро мен 160 ұпай беріледі. Ал екінші орын алған спортшы 12 мың еуро мен 130 рейтингтік ұпайға қол жеткізсе, үшінші орынға ие болған спортшы 10 мың еуро мен 110 ұпайға иелік етеді.