16 Мамыр, 2014

Ақтауда сот орындаушылары тұтқындалды

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
exzk.ru03АҚТАУ. 16 мамыр. Ақтауда  бір азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқызбау үшін пара алды деген күдікпен Маңғыстау облыстық сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушылары – И.Сансызбаев және М.Журханов ұсталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. И.Сансызбаев пен М.Журхановқа  қатысты Қылмыстық кодекстің 311-бабының 4-бөлігі «б» тармағымен пара алу фактісі бойынша іс қозғалды. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 132-бабына сәйкес күдіктілер Ақтау қаласындағы уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қаржы полициясы баспасөз қызметі өзге ақпараттардың тергеу мүддесіне байланысты әзірге жарияланбайтынын хабарлады. Гүлайым Шынтемірқызы. Дереккөз: egemen.kz. Фото: Exzk.ru.