Үкімет • 20 Қыркүйек, 2022

Үкімет жаңа Салық кодексін қолдану тетіктерін талқылады

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған жаңа Салық кодексін әзірлеуге қатысты тапсырмаларды іске асыру бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет жаңа Салық кодексін қолдану тетіктерін талқылады

Жиын барысында бизнес субъектілерінде салықтарды әкімшілендіруге қатысты сауалдар жиі туындайтыны айтылды. Осыған байланысты Үкімет салықтық әкімшілендіруді оңайлатуға және цифрландыруға ерекше назар аударуды жоспарлап отыр.

«Қазіргі уақытта Премьер-Министрдің өкімімен құрылған жұмыс тобы шеңберінде 2030 жылға дейінгі салық саясатының тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Онда қарастырылған тәсілдер жаңа Салық кодексінің негізі болмақшы. Тұжырымдама жобасына ұсыныстарды ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері енген жұмыс тобы әзірлейді», делінген хабарламада.