Қоғам • 20 Қыркүйек, 2022

Елорда әуежайында тағы бір ұшу-қону жолағы салынады

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында екінші ұшу-қону жолағын салу жоспарлануда. Бұл туралы «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Хамзин әуе айлағын дамыту тұжырымдамасының тұсаукесерінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Елорда әуежайында тағы бір ұшу-қону жолағы салынады

Елордадағы халықаралық әуежайдың қазіргі ұшу-қону жолағы 2003 жылы қайта жаңғыртылып, содан бері жаңартылмаған. Биыл мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Дегенмен, әуе қозғалысының қарқындылығының артуына және әуежайды дамыту жоспарына байланысты кәсіпорын басшылығы аэродром учаскесін жаңадан қайта құру қажеттігін айтты.

«Біз 2027-2028 жылдарға қарай ұшу-қону жолағының қозғалысын арттыруды көздеп отырмыз. Ұшу-қону жолағын, такси жолдары мен перронды, сондай-ақ жарықтандыру жабдықтарын қайта жөндеуді жоспарлап отырмыз. Ұшу-қону жолағын жөндеу уақытша қолайсыздықтар тудырады, бірақ біз мәселені шешеміз», деді «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Хамзин.

Оның айтуынша, Астана әуе айлағы 2023 жылдан бастап жолаушылар тасымалы мен орындалатын рейстер саны бойынша Қазақстандағы ең ірі әуе айлағы болуы керек. Сондай-ақ алдағы 5 жылда жүк тасымалдау көлемін төрт есеге ұлғайту жоспарлануда.