Тағайындау • 20 Қыркүйек, 2022

Жамбыл облысы Талас ауданына жаңа әкім тағайындалды

544 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Талас ауданының әкімі болып Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы Талас ауданына жаңа әкім тағайындалды

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы, 1981 жылы туған. Білімі жоғары. 2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «мұнай және газ кеніштерін игеру және пайдалану», 2007 жылы А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «қаржы», 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы болып бастаған.

Әр жылдары «Қазақстан Республикасы дзю-до федерациясы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалында жаттықтырушы, облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-интернатында тәрбиешінің көмекшісі «Сұңқар-2002» ЖШС-нің инженері, «КМГ-Жайық» ЖШС-нің маманы, «Қазтеміртранс» АҚ Президентінің көмекшісі, «ЧД cz» ЖШС директорының орынбасары, директоры, «Корпорация Сенім» ЖШС-нің шебері, 2011-2014 жылдары №4 велосипед және су спорты түрлерінен облыстық олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары, «Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы, №7 облыстық күрес түрлерінен олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, «Қазақ күресі клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, «Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметтерін атқарған. 

2017 жылғы қыркүйектен бастап Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымында еңбек етіп келді.