Президент • 21 Қыркүйек, 2022

БҰҰ-ның үш қағидатын қайта зерделеуіміз қажет – Президент

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясының жалпы дебатында ұйымның бастапқы үш қағидатынан ауытқуға болмайтынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҰҰ-ның үш қағидатын қайта зерделеуіміз қажет – Президент

«Осыдан 77 жыл бұрын БҰҰ-ның негізін қалаушы мемлекеттер Ұйымның Жарғысына халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормаларын енгізді. Бұл ережелер осы уақыт аралығында біздің қызметімізді тиімді реттеп келді.

Қазір осы әмбебап Ұйымның негізінде қалыптасқан іргелі қағидаттарға қайта оралу аса маңызды. Атап айтқанда,  біз мемлекеттер егемендігінің теңдігі, мемлекеттердің территориялық тұтастығы, мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі секілді бастапқы үш қағидат арасындағы байланысты қайта зерделеуіміз қажет», деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл үш қағидат өзара бір-біріне тәуелді.

«Осы қағидаттардың бірін сақтау қалған екеуін ұстануды білдіреді. Ал олардың бірін бұзу, басқа екеуін бұзған болып саналады. Дәстүрлі және ядролық қарусызданудың жаһандық жүйесі әлсіреген кезде аталған үш қағидатқа қауіп төнеді. Керісінше, үш қағидаттың түгел сақталуы олардың күшеюіне ықпал етеді. Бұл қағидаттар бірге кеңейтілген мемлекетаралық ынтымақтастықтың келесі үш деңгейіне негіз болады: субөңірлік, өңірлік және жаһандық. Бұл адамзат үшін пайдалы», дейді Президент.