Теннис • 21 Қыркүйек, 2022

Жарайсың, Жібек!

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Жібек Құлам­баева Италияда өткен ITF W25 тур­нирінің жұптық бәсекесінде өнер көр­­сетіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Жарайсың, Жібек!

22 жастағы Ж.Құ­лам­баева Ита­лиядағы додада латвиялық Дарья Семе­нистаямен бірге жұп құрап, финалда қытайлық Джинг Лю мен босниялық Анита Вагнерді тізе бүк­тіріп, жарыстың бас жүлдесін олжалады. Бір сағаттан астам уақытқа жал­­ғасқан матч­та қазақ­стандық-латвиялық жұп екі сетте 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Осы­лайша, Жібек биылғы маусымда ITF жарыс­тарындағы бесінші титулына қол жеткізді. Ол спорттық жолында жұптық сында барлығы 19 рет үздік шықты. Оған қоса, екі мәрте жекелей жарыстың чемпионы атанған.

Сондай-ақ қазақстандық жасөспірім теннис­шілер Әзербайжан астанасы – Бакуде өткен 14 және 16 жасқа дейінгілер арасындағы Tennis Europe додасында табысты өнер көрсетті. Атап айтқанда, Team Kazakhstan академиясының түлектері Демид Горбачев пен Мансұр Шәкен жұп­тық сында қарсылас шақ келтірмеді. Олар финалда ирандық Кираш Ханифи мен түркиялық Барук Сиваслиден айласын асырды – 6:2, 6:2.