Ел газеті «Егеменнің» елде тұратын ардагері Дәулет Сейсенұлының кезекті туындысы осылай деп аталады. Кітап атына орай автор бұл еңбегінде өзінің көп жылғы журналистік өмір жолымен бірге, ұлылар еліндегі сан қилы оқиғаларды, бейбіт күнде қырық жылға созылған атом апатының трагедиялық салдарын, еліміз егемендікке қол жеткізгеннен бергі жердегі ондағы оң өзгерістер мен әлі де орын алып келе жатқан олқылықтарды байырғы қаламгер ретінде шынайылықпен көрсетіп, байыпты байламын ортаға салады. Сонымен бірге, кітапта әр кезеңдерде ел басқарған жергілікті азаматтар туралы сөз қозғалып, олардың қоғам дамуына қосқан үлестерін автор өзіндік ой-пікірімен тереңнен ақтарған.
Дәулет Сейсенұлы Елбасымыз «Отанымыздың бас газеті» деп өзінің бағасын берген «Егеменде» аз-кемі жоқ ширек ғасыр қызмет етті. Сол себептен де болар, жаңа туындысында сол жылдар туралы ерекше тебіреніспен сөз қозғап, басылымның әр кезеңдегі басшылары, басқа да әріптестері туралы жүрекжарды сөздерін айтқан. Әріптесіміздің кітабында тілшілік жұмыстың қызығы мен қиыншылығы да көлденең тартылады. Соған орай езу тарттыратын сәтті штрихтар да аз емес. «Егеменнің» тұрақты акциясына айналған «Ұлылыққа тағзым» жаяу жорық экспедициясының тұрақты мүшесі ретінде де автордың естелігі тартымды.
Соның бәрі қосыла келгенде, бұл кітап биылғы жылдың соңында 95 жылдығы атап өтілетін байырғы басылым мен оның қалың оқырмандарына тамаша тарту десе де болады. Кітаптың тілі жеңіл, баяндалуы жатық, безендірілуі әсем. Әріптесімізге жаңа туындыңыз құтты болсын дейміз.
Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан».

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше