Көшпелі қазақ халқының бәйтеректің тамыры тәрізді тереңде жатқан тарихына үңілетін болсақ, егемендіктің тізгіні қазақ халқына оңайлықпен келген жоқ. Өткен тарихын білмеген адам жетесіз демекші, тарихымызды дәріптеп, өткеніміз бен бүгінімізді саралай білгеніміз жөн.
Өткен тарихымыздағы Жоңғар басқыншыларына қарсы күрестер, патша өкіметіне қарсы бас көтерулер, Ұлы Отан соғысы, сондай-ақ, Тәуелсіздікті аңсаған жастардың наразылығынан туындаған Желтоқсан көтерілісі сынды қазақ тарихындағы көптеген елеулі оқиғалар еліміздің Тәуелсіздігі жолындағы маңызды қадамдар болып табылады.
Хандық жүйеден кейінгі Ресей өкіметінің отарлау саясаты сайын дала төсінде көк шалғынға аунап өскен қазақ халқы үшін үлкен сын болды. Отаршылдық езгінің құрсауында өткен 70 жыл ішінде қазақ халқына тілі мен дінінен, әдет-ғұрпы мен салт-санасынан айырылу қаупі төнген болатын. Алайда, халқымыз бабамыздың қанымен, анамыздың ақ сүтімен бойына дарыған ұлттық құндылықтарын жоғалтқан жоқ.
«Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңдерді бастан кешу арқылы қолы жеткен заңды құқығы», деп көреген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, қазақ халқының бастан өткерген тарихы – ұялатын тарих емес, мақтанатын тарих. Себебі, қазақ халқы өзге халықтардың тағдырына ешқашан қиянат жасаған жоқ, тек өзінің азаттығы жолында өліспей, беріспеді. Мың өліп, мың тірілген халқымыздың ежелден аңсаған асыл мұраты егемендіктің туын тігу болатын.
Киелі қазақ жерінде 1991 жылың 16 желтоқсанында көптен күткен ұлы той – Тәуелсіздікке қолымыз жетіп, ашық аспан астында көк Туымыз желбіреді. Тәуелсіздікпен бірге егемен Қазақстанның жаңа тарихындағы жаңа беттер ашылды. Елбасымыздың сайлануы, Ұлттық валютамыз – теңгенің қолданысқа енуі, Мемлекеттік рәміздеріміз бен Ата Заңымыз – Конституцияның қабылдануы, Қазақстанның халықаралық ұйымдарға мүше болуы мен Сарыарқаның төсінде, ерке Есілдің бойында ару Астанамыздың бой көтеруі – егемендігіміздің жемісі.
Егемендік алу жолында ата-бабаларымыз қаншама тер төккен болса, қазіргі таңда егемендігімізді сақтап тұру да болашақ ұрпақтың соншалықты тер төгуін қажет етеді. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір ұланының бойында елге деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімінің болуы заңды. Кең-байтақ Қазақстанымыздың тәуелсіздігін көзіміздің қарашығындай сақтау – бізге жүктелген міндет!
Міне, бүгінде Тәуелсіздігімізді алып, еңсемізді тіктегелі 22 жыл болды. Қазақстан жас та болса, 22 жылдың ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, дамыған мемлекеттермен терезесі тең дәрежеге көтерілді. Тәуелсіздік алғаннан кейін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан халқы ынтымақтасып, ұлтаралық бірлікті нығайтуға қол жеткізді. Сондай-ақ, қазақ халқының болмысынан бойына дарыған татулығы мен қонақжайлылығының нәтижесінде қазақ шаңырағының астында түрлі ұлт өкілдері бейбіт күн кешіп, Қазақстан өзге мемлекеттермен түрлі дипломатиялық қарым-қатынастар орнатуда.
«Қазақстан-2050» Стратегиялық даму бағдарламасын қабылдау арқылы Қазақстанның болашағына жарқын жоспарлар құрылды. Елбасымыздың көрегенділікпен жүргізген саясаттары халықтың көңіліне сенім ұялатып, егемендігімізді тұғырлы етуге бағытталды. Қазақ елі бүгінгі күні әлемдік қоғамдастықтың лайықты мүшесі ретінде даму үстінде. Осы орайда атап өтетін жайт, Қазақстан 2012 жылы елордамыз Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құрметіне ие болды. Бұл – біздің бәсекеге қабілетті елге айналғанымыздың айғағы. Көрмені сәтті өткізу еліміздің алға қойған басты мақсаттарының бірі болып отыр.
«Ертеңгі ел болашағы келешек ұрпақтың қолында», деп Елбасы келешек ұрпаққа үкілі үміт артады. Әрине, қазіргі Қазақстанда білімі мен парасаты, өнері мен дарыны, адамгершілігі мен мәдениеттілігі, ұлтжандылығы мен елге деген сүйіспеншілігі үйлесім тапқан ұрпақ өсіп келеді. Демек, егемен еліміздің ертеңі еңселі болатынына еш күмән болмауы тиіс.
Динара ДОСПАН,
№69 мектеп-гимназияның
11-сынып оқушысы.
АСТАНА.

Маңғыстауда жаппай мал қырылып жатыр: фермерлер өтемақы талап етті
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • 22 Сәуір, 2026
СҚО-да кәріз станциясын жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • 22 Сәуір, 2026
Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • 22 Сәуір, 2026
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • 22 Сәуір, 2026
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • 22 Сәуір, 2026
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • 22 Сәуір, 2026
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • 22 Сәуір, 2026
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • 22 Сәуір, 2026
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • 22 Сәуір, 2026
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • 22 Сәуір, 2026
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • 22 Сәуір, 2026