Біріккен Араб Әмірліктерінен жеткізілген сирек құстар Қазақстанның табиғат аясына жіберілді
Шараға министрліктің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы Бағдат Азбаев, Абу-Дабидің Экология министрі Мұхаммед әл- Боварди, Дуадақтарды сақтау халықаралық қорының бас директоры Мұхаммед Салех әл-байдани, сондай-ақ, орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының, «Охотзоопром» ӨБ» РМКК-нің өкілдері, ҚР БҒМ Зоология институтының қызметкерлері мен орнитолог ғалымдар қатысты.
Сұңқарларды (ителгі, лашын) табиғат аясына жіберу Біріккен Араб Әмірліктерінің үкіметтік бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі. Бұл бағдарлама осы құс түрлерін сақтау мен олардың табиғи көбеюіне жағдай жасауға бағытталған.
Сұңқарлар табиғи ортаға әр көктем сайын жіберіліп тұрады. Бұл бағытта арнайы зерттеулер жүргізіліп, солардың нәтижелері бойынша түрлі елдерде құстардың мекендеуі мен көбеюіне ыңғайлы жағдайы бар бірнеше аумақ белгіленген болатын. Біздің елімізде сұңқарлардың өмір сүруі үшін ең ыңғайлы аймақтар – қажетті қорек көзге бай, таулы шоқылары мен қырлы даласы бар Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары.
Біріккен Араб Әмірліктерінен жеткізілген құстар бірнеше апта бойы бейімделуден өткізілді. Олар жергілікті климат пен ашық кеңістікке біртіндеп үйретілді, жақсы азықтандырылып, жағдайлары күнделікті тексеріліп тұрды. Табиғат аясына жіберілместен бұрын, бірнеше құсқа радиоқұрылғы орнатылды. Бұл сұңқарлардың миграциясы жөніндегі ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Кеше Маңғыстау облысында Біріккен Араб Әмірліктерінен әкелінген тағы 20 лашын, ал бүгін Шығыс Қазақстан облысында (Күршім ауданы) 19 ителгі табиғи ортаға жіберіледі.
Жалпы, Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастық шеңберінде 2009-2013 жылдар аралығында еліміздің табиғаты аясына 340-тан астам сұңқар жіберілді.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше