Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2022

«Бурабай» Ұлттық паркінде 18 өрт сөндірілді

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері «Бурабай» Ұлттық паркінің қызметкерлері Smart-Burabay цифрлы жүйесін қолданып, 18 өрттің орманға жайылуына жол бермей, дер кезінде сөндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бурабай» Ұлттық паркінде 18 өрт сөндірілді

Биыл Ұлттық парк қызметкерлері орманды өрттен сақтауға ерекше көңіл бөлді. Осы орайда Smart-Burabay жүйесі инспекторлардың жұмысын жеңілдетіп, ну ормандарды тілсіз жаудан қорғауға зор септігін тигізген.

Мұндағы «ақылды» жүйе биік мұнараның басындағы камерамен орманның аумағын бақылайды. Объективтің «назарына» түтін немесе басқа да күдікті кадр ілінсе, цифрлы жүйе оны қызыл контурмен белгілеп, Ұлттық парктің тәулік бойы жұмыс істейтін жедел басқару орталығына жібереді. Ал орталықтың кезекші диспетчерлері төтенше қызметке хабар жеткізеді.

ү

Айта кетсек, 129 мың гектардан астам жерді алып жатқан Ұлттық парк аумағында осындай 13 мұнара бар. Цифрлы жүйенің көмегімен Ақылбай (4 рет), Бурабай (5 рет), Жалайыр (1 рет) сияқты барлығы 9 орман шаруашылығында тұтанған өрт тез арада сөндіріліп, жалын бар болғаны 0,5 гектар жерді шарпыды.

н

Бұдан бөлек, 8 ай ішінде табиғат қорғау заңнамасына қайшы 51 оқиға тіркеліп, Ұлттық парк аумағында сақталатын ереже 46 мәрте бұзылғаны анықталды. Тәртіп бұзғушылардың жеке бастары анықталып, 440 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл төледі.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары заңсыз ағаш отау (3), балық аулау (1) және браконерлікпен айналысу (1) фактілері бойынша 5 қылмыстық іс қозғалды.