Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2022

Прагада Қазақстан мәдениеті күндері өтіп жатыр

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық дипломаттар қонақтарға қазақ-чех мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы жетістіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прагада Қазақстан мәдениеті күндері өтіп жатыр

«Қазақстанның мәдениет күндері Қазақстан мен Чехия арасындағы екіжақты байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосады, мұндай шаралар біздің уақытта маңызды.  Қазақстан мәдениеті көп қырлы және бірегей», дейді Чехия Мәдениет министрлігі Халықаралық қатынастар департаментінің директоры Петр Хниздо.

Чех көрермендер әр түрлі музыкалық және өнер ұжымдарының қойылымдарын тамашалауға мүмкіндік алды. Фестиваль аясында «Қазіргі Қазақстан» фотокөрмесі, «Менің Отаным - Қазақстан» балалар суреттерінің көрмелері ұйымдастырылды.

а

Фестивальдің ашылу салтанаты бағдарламасының концерттік бөлігінде Орта Азия халық фольклорлық топтары, қазақ күйлерінің орындаушылары өнер көрсетті, ал Прагада оқып жатқан қазақ студенттері белгілі қазақ шығармаларын орындады.

Фестиваль екі аптаға созылады, оның аясында қазақтың белгілі қоғам және саяси қайраткерлері, ақын-жазушылар, мемлекет қайраткерлері Қаныш Сәтбаев, Жүсіпбек Аймауытов, Шоқан Уәлиханов, «Алаш» қоғамдық-саяси қозғалысының жетекшісі Ахмет Байтұрсыновқа арналған деректі фильмдер көрсетіледі және Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған фотокөрмелер өтеді.