Қоғам • 21 Қыркүйек, 2022

Қазақстан Қырғызстанға көмек қаржысын бөле ме?

531 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжіліс кулуарында Қазақстан Қырғызстанға үкіметтік резервтен көмек бере ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Қырғызстанға көмек қаржысын бөле ме?

Журналистер Қаржы министріне Қазақстанның еріктілері көршілес Қырғызстанға көмектесу үшін қаражат жинаумен белсенді айналысып жүргенін және осы сағатқа дейін 10 млн теңгеден астам қаражат жиналғанын хабарлады.

Осы ретте Қазақстан билігі Қырғызстанға үкіметтік резервтен көмек бере ме деген сауал қойылды.

«Егер тиісті мемлекеттік органдар резервтен тиісті сомаларды бөлу қажеттілігі туралы сұрақпен жүгінетін болса, біз бұл мәселені бюджеттің мүмкіндігіне қарай қарастырамыз. ТЖМ, Қорғаныс министрлігі сияқты салалық мемлекеттік органдар да қаражат бөлу мәселесін зерделейді. Бюджеттік процесс бойынша өтінімдерді тиісті мемлекеттік органдар береді», деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев.