17 Мамыр, 2014

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫ» АҚ БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

376 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» қоры «Темiрбанктегі» өзіне тиесілі үлесті және «Альянс Банктегі» акциялардың өз бөлігін Болат Өтемұратовқа сату бойынша мәмілені аяқтады

 Астана қ.      2014 жылғы 15 мамыр

«Самұрық-Қазына» АҚ пен Болат Өтемұ­ратов 35,7 млрд. теңге сомаға «Темiрбанк» АҚ 79,88% жай акцияларын, сондай-ақ 1,5 млрд. теңге сомаға «Альянс Банк» АҚ-да 16,00% жай және артық­шылықты акцияларды сату және сатып алу бойынша мәмілені аяқтады. Қосымша «Темiрбанк» АҚ 2010-2012 жылдардағы бөлінбеген пайда есе­бінен «Самұрық-Қазына» АҚ-ға 9,1 млрд. тең­ге мөлшерінде дивидендтер төледі. Мәміленің нәтижесінде «Самұрық-Қазына» АҚ 51% жай және артықшылықты акцияларымен «Альянс Банк» АҚ акцияларының бақылау пакетін сақтап қалады, ал Болат Өтемұратов «Темiрбанк» АҚ-да бақылаушы акционер болады. Реттеуші органдардан екі мәмілені тиісінше мақұлдау 2014 жылғы 20 наурызда алынды. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылатын банктердің акцияларын сату қаржы секторын тұрақтандыру бөлігінде дағдарысқа қарсы бағдарламаның кезекті қадамы болып табылады, ол «Самұрық-Қазына» қорын банктерді басқару жөніндегі өзіне тән емес функциялардан босатады. Тұтас­тай алғанда, қаржы институттарын беру қаржы нарығына оң ықпал етеді, тәуелсіздік береді және Қазақстанның банктік секторын дамытуда банктердің жаңа меншіктенушілерінің біршама белсенді қатысуына жәрдемдесетін болады», деп атап көрсетті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова. Болат Өтемұратов былай деп атап көр­сетті: «Темірбанк» акцияларының бақылау пакетін және «Альянс Банк» акцияларының миноритарлық пакетін сатып алу бойынша мәмілелерді аяқтау осы банктерді қалпына келтіру процесінде басты қадам болып табылады. «Темiрбанк» басшылығының алдында  көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту және бизнес стратегияны орындау бойынша нақты міндеттер қойылды. Мен таяудағы болашақта банктің клиенттері осы банкпен өзара қарым-қатынастар ретінде  айтарлықтай жақсарғанын сезінеді деп күтемін. «Альянс Банкке» қатысты «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп Банктің капиталын орнықты түрде қалпына келтіру мақсатында оның сыртқы міндеттемелерін қайта құрылымдау бойынша банк кредиторларының өкілдерімен мұқият және жан-жақты келіссөздер жүргізілуде.  Өз тарапымнан, мен «Темірбанктің» капиталын құю және оларды болашақта қосу жолымен «Альянс Банкін» қалып келтіруге қатысуға дайынмын. «Самұрық-Қазына» қоры осындай біріктірілген банкті елеулі көлемде ұзақ мерзімді қор жасауымен қолдауға ниет білдіріп отыр.Сонымен қатар,  «Альянс Банктің» капиталын қалпына келтіру  оның одан арғы болашағын қамтамасыз ету үшін қажетті, осы үдеріске қатысу көп дәрежеде кредиторлардың тілегіне байланысты. Біз табыс­ты нәтижелерге қол жеткізу үшін кредиторлармен келіссөздерге барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз.  Бұл «Альянс Банк» және «Темірбанкті» біріктіру үшін негізгі талап болып табылады. «Темiрбанкке» елеулі қаражат пен күш-жігер инвестицияланған, сондықтан біріктірілген банк  толық бағалы өмір­ге икемді болу мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Мен «Альянс Банкті» қайта құрылымдауды және «Темірбанкпен» біріктіру үдерісін аяқтағаннан кейін біріктірілген банк  капи­талдың жеткіліктілігі және өтімділік деңгейі бойынша Қазақстанның банктік жүйесі көшбасшыларының бірі болатынына сенемін». «Самұрық-Қазына» АҚ осымен «Темірбанк» АҚ акционерлері мен кредиторларын қоса алғанда, барлық мүдделі тараптарға мәміле жасау күнінде «Темірбанк» АҚ қайта құрылымдау шеңберінде қабылданған «Самұрық-Қазына» АҚ барлық міндеттемелерінің  қолданысы тоқтатылғаны туралы хабарлап жеткізеді. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Жұртшылықпен байланыс департаменті: +7 (7172) 55-41-14.