Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2022

Байқоңырдан «Циолковский» ғарыш кемесі ұшырылды

530 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылғы 21 қыркүйекте Астана уақыты бойынша 19:54-те Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-22» басқарылатын кораблімен «Союз 2.1 а» зымыран-тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Байқоңырдан «Циолковский» ғарыш кемесі ұшырылды

Халықаралық ғарыш станциясына ресейлік ғарышкерлер Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және американдық астронавт Фрэнк Рубиодан тұратын ХҒС-68 экипажы барды.

«Союз МС-22» кемесі теориялық космонавтиканың негізін қалаушы Константин Эдуардович Циолковскийдің есімін алды, биыл оның туғанына 165 жыл толды. Зымыранның үстіне ғалымның портреті бар эмблема салынып, «К.Э. Циолковскийдің туғанына 165 жыл» деген жазу жазылған.

Сондай-ақ кемеге Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығына арналған «Болашаққа ұмтылған одақ» деген жазуы бар эмблема салынған.

«Союз М-22» кемесінің ХҒС-пен түйісуі қысқа, екі айналымдық схема бойынша өтеді. Бұл ғарышкерлер үш сағаттан кейін жерге оралатынын білдіреді.