Қоғам • 22 Қыркүйек, 2022

«Қазпошта»: мәселенің мән-жайы

429 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жуырда Алматыда «Қазпошта» қызметкерлері еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, ­на­разылыққа шыққан болатын. Бұл «Біз небәрі 110-120 мың теңге аламыз. Жалақысы 70 мыңнан ас­пайтындар да бар. Тапқан ақшамыз өмір сүруге, әлбетте, жетпейді» деген бастамашыл топтың негізгі талабы еді. Жуырда Алматыда «Қазпошта» қызметкерлері еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, ­на­разылыққа шыққан болатын. Бұл «Біз небәрі 110-120 мың теңге аламыз. Жалақысы 70 мыңнан ас­пайтындар да бар. Тапқан ақшамыз өмір сүруге, әлбетте, жетпейді» деген бастамашыл топтың негізгі талабы еді.

«Қазпошта»: мәселенің мән-жайы

Осыған байланысты елордада «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Серік Саудабаев пен Стратегия және қаржы жөніндегі басқарушы директоры-басқарма мүшесі Азамат Кескінбаев брифинг өткізді. Жалақыны көбейтіп, еңбек жағдайын жақсартумен қатар, қыз­мет көрсету шарттары бойынша кәсіби мереке – Дүниежүзілік пошта және Тәуелсіздік күндеріне орай сыйақы берілуі де талап етілген-ді. 

п

«Өндірістік персоналдың жалақысын арттыру бойынша шешімдер дайындалды. Талаптарды қарау жөнінде арнайы жұмыс тобы құрылып, хаттаманы зерделеуге кірісті. Комиссия проблемаларды шешу және жүйелі шараларды дайындау мақсатында жұмысын бастады. Жұмысшы топтың құрамына «Қазпоштаның» екі басқарушы директоры, кәсіподақ төрағасы мен бас­тамашыл топтың екі өкілі кіреді. Аталған комиссия бүгін таңғы сағат 09:00-де жұмысқа кірісті. Екі аптадан кейін жұмыс тобының жұмысын аяқтау қорытындысы бо­йынша филиал қызметкерлерімен кездесуді жоспарлап отырмыз», деді «Қазпошта» АҚ басшысы.

Сондай-ақ брифингте 2023 жылдың 1 қаң­тарынан қызметкерлердің жалақысын индекстеу жоспарланғандығы, биыл 1 сәуірден бастап жұмысы жолда жүргізілетін қызметкерлердің өтемақы мөл­шері 0,5-тен 1,0 АЕК-ке дейін өскендігі, толық емес мөл­шерлемемен жұмыс істейтін пошташыларға қо­ғам­дық көлікте жүргені үшін өтемақы мөлшері 50%-ға ұлғайтылғандығы және жұмыскерлердің ши­­пажай-курортта емделуіне балалардың са­уық­тыру лагерьлеріне жолдама сатып алуына қол­­жетімді жағдай жасалып жатқандығы айтылды. «Қаз­пошта» өтемелі жұмысқа көшуге көңілі толмайтын қызметкерлерге осылайша қосымша табыс табуға бо­латынын айтады.

– Өтемелі қызмет көрсету шартымен (ӨҚКШ) жұмыс істейтін қызметкерлерге былтыр «Біздің маман» жобасы іске қосылды. Мұнда пошташылар мен курьерлер жасаған жұмыс көлеміне қарай айлық алады. Осы жобамен жұмыс істегенде мамандарда материалдық қызығушылық пайда болды. Мұндай төлем қағидаты қызметкерлердің табысын арттыруға және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. «Кесімді ақы төленетін қызметкерлер саны (жаяу курьерлер) – 911 адам. Жобаға қатысушылардың кейбірі 250 мың теңгеден астам жалақы ала бастады, – деді спикер. 40 мың теңге көлемінде ақыны 0,3 мөлшерлемемен жұмыс істейтін, яғни толық емес жұмыс күнімен жұмыс істейтін 4 пош­ташы алса, 0,3 мөлшерлеме бойынша жұмыс уақыты айына 24 сағатты құрайды.

Брифинг соңында бұған дейін кейбір әлеуметтік же­лілерде жарияланған жалақы мөлшері туралы ақ­па­раттың шындыққа сәйкес келмейтіндігі және қыз­меткерлер талабы әрқашан қараусыз қал­май­тын­ды­ғы айтылды.