Қоғам • 22 Қыркүйек, 2022

Суға батып кеткен үндістандық студенттердің денесі әлі табылмай жатыр

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 маусымда Төлеби ауданындағы Ақсу өзенінде батып кеткен шетелдік студенттердің денесін іздеу жұмыстары қайта жанданды. Үндістаннан келген студенттер Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында оқыған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Суға батып кеткен үндістандық студенттердің денесі әлі табылмай жатыр

Қазір өзеннің су деңгейі мен ағынның жылдамдығы үштен бірге төмендеді. Сондықтан Түркістан облысы ТЖД басшылығы іздеу жұмыстарын қайта бастау туралы шешім қабылдады.

Еске сала кетсек, Оңтүстік Қазақстан медакадемиясының шетелдік студенттері Ақсу-Жабағылы қорығына демалуға келген болатын. Шомылу кезінде екі жігіт суға батып кеткен. Марқұмдардың денесі әлі табылған жоқ.