Әлем • 22 Қыркүйек, 2022

Қырғызстан ҰҚШҰ жарғысын қайта қарауды ұсынды

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы 22 қыркүйекте Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Иманқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстан ҰҚШҰ жарғысын қайта қарауды ұсынды

«ҰҚШҰ елдері арасында туындайтын барлық мәселелер бейбіт жолмен шешілетіндей ереже енгізу қажет. Егер біреу мәселені күшпен шешуге үміттенсе, оны ұйымнан шығаруды ұсынамыз. ҰҚШҰ-ға мүше болып, сыртқы қауіп-қатерден қорғануды күткенмен, ұйымның ішінде қандай да бір елмен қақтығысқа тап болған кезде бұл не үшін қажет? ҰҚШҰ жарғысынан бір-біріне қоқан-лоққы көрсететін бөліктерді алып тастау үшін қайта қарайтын уақыт жетті»,  деді Марат Иманқұлов. 

Оның айтуынша, ҰҚШҰ жарғысында мүше мемлекеттер арасындағы дауларды реттеудің ешқандай тетіктері қарастырылмаған. Сондықтан Қырғызстан тарапы басқаларға күш қолданатын ұйымға мүше мемлекетті қатардан шығаруды ұсынады.

«Иә, біз бұл мәселені көтердік. Бірнеше рет көтердік, тағы да көтермекпіз. Қатысушы мемлекеттер арасында туындайтын мәселелер бейбіт жолмен шешілуі керек», деп нақтылады Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.