Тағайындау • 22 Қыркүйек, 2022

Орталық Азия елдері кәсіподақтар кеңесінің бас хатшысы тағайындалды

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сатыбалды Дәулеталин Орталық Азия елдері кәсіподақтар кеңесінің бас хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы шешім Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан ОАЕКК-нің екінші отырысында қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орталық Азия елдері кәсіподақтар кеңесінің бас хатшысы тағайындалды

Орталық Азия елдері кәсіподақтары кеңесі (ОАЕКК) мүшелерінің бірауыздан қабылданған шешімімен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин осы ұйымның Бас хатшысы болып сайланды.

г

Сатыбалды Дәулеталин көрсетілген сенім үшін алғысын білдіріп, Орталық Азия аймағында кәсіподақ қозғалысын одан әрі прогрессивті дамыту үшін еңбек ететінін баса айтты.

«Біздің мемлекеттеріміздің халықтарының тарихи тамыры ортақ, бауырластық және тату көршілік қатынастары бар. Орталық Азия елдерінің кәсіподақтар кеңесі Орталық Азия аймағындағы 15 миллионнан астам жұмыскердің лайықты еңбек стандарттары мен әділ жалақыға қол жеткізу жолындағы ынтымағын нығайтуға және халықаралық кәсіподақ ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етуге ниетті. Біз бірігіп Кеңес мүшелеріне ортақ мақсат – Еңбек адамының мүдделері мен құқықтарын қорғауды көздеп отырмыз. Мен өз тарапымнан Кеңес бастамаларын халықаралық кәсіподақ қозғалысының барлық алаңдарында ілгерілету үшін өз білімім мен тәжірибемді жұмсаймын», деді Сатыбалды Дәулеталин.

Сондай-ақ, кеңес мүшелері – Орталық Азия елдерінің ұлттық кәсіподақ орталықтары көшбасшыларының отырысында ұйымға жаңа мүшелер – Қырғызстан Кәсіподақтар федерациясы мен Моңғолия Кәсіподақтар конфедерациясының жіберген өтініштеріне сәйкес мүшелікке енгізу туралы шешім қабылданды.

Кеңестің мақсаты – еңбеккерлердің әлеуметтік-еңбек, кәсіптік, экономикалық және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерін, кәсіподақтардың құқықтары мен кепілдіктерін қорғау бойынша ОАЕКК мүшелерінің іс-әрекеттерін біріктіру.