17 Мамыр, 2014

Қорғаныс кәсіпорындарында болды

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қорғаныс министрі С.Ахметов Петропавлда орналасқан қорғаныс-өнеркәсіп кешендері кәсіпорындарын аралады, деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. С.Ахметов Петропавл ауыр машина жасау зауытына, С.М.Киров атындағы зауытқа және «Мұнаймаш» зауытына барып, кәсіпорындардың өндірістік-технологиялық мүмкіндіктерімен, шығарылатын өнімдермен танысты. Министрге зауыт өкілдері өз өнім­дерін алдағы 22-25 мамырда Ас­та­нада өтетін үшінші халықаралық «KADEX-2014» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне ұсынуға дайын екендіктерін жеткізді. С.Ахметов еліміз Қарулы Күш­терін одан әрі жетілдіру және қайта қаруландыруда, армияның жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеті мәсе­лелерін шешуде қорғаныс-өнер­кәсіп кешендерін нығайтудың маңыздылығын атап өтті.