17 Мамыр, 2014

Ынтымақтастық райындағы кездесу

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Үкімет үйінде Қырғыз Республикасының Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке енуі мәселелері бойынша Қазақ-Қырғыз келіссөзі өтті. Қазақстан жағын Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, қырғыз тарапын осы елдің экономика министрі Темір Сариев басқарды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан Үкі­метінің қолдауымен, Қыр­ғыз­станның Кеден одағына қосылуы бойынша «Жол картасын» жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, тараптар сау­да-эко­номикалық ынтымақ­тас­тық­тың, атап айтқанда, мұнай-газ са­ла­сындағы, кеден бекеттерінің жұмыс істеуіндегі, ауыл және су шаруа­шылығындағы, көші-қон­дағы, эпизотикалық жағдай­лар­дағы, ветеринарлық және фитоса­ни­тарлық қауіпсіздік салала­рын­дағы перспективаларды қарады. «Біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынас экономикалық тығыз байланыста, ырғақты дамуда.Қырғызстанның Кеден одағына қосылуы ынтымақтастығымызды арттырып, біздің елдеріміз экономикалары мен халықтарының игілігіне қызмет ететін болады», деді Б.Сағынтаев. Премьер-Министрдің бі­рін­ші орынбасары екі ел арасын­да достық қарым-қатынас қалып­тас­қанын және пайда болған барлық мәселелерде түсіністік табылып келе жатқанын атап көрсетті. Өз кезегінде, Т.Сариев қыр­ғыз жағының Қазақстанмен эконо­ми­калық ынтымақтастықты жандан­дыруға әзір екендіктеріне және тал­қыланған мәселелер бойынша қолдауға ие болатынына үміт артатындықтарына тоқталды.