17 Мамыр, 2014

Еуразиялық одаққа көзқарас

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еуразия даму банкінің ықпалдастық зерттеу орталығы мен «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының ұйым­дастыруымен VII Астаналық эконо­микалық форумы аясында «Еуразиялық ықпалдастықты қоғамның қабылдауы» панельді сессиясы өтеді. Бұл сессия халық тарапынан экономикалық, саяси және әлеу­меттік-мәдени салалары бой­ынша ТМД мемлекеттерінің ынты­мақтасу және қауымдасу үдеріс­терін қабылдауы мәселе­сіне арналады. Онда ТМД мемле­кет­теріндегі ынтымақтастық бағыт­тарды зерттейтін Қазақстан, Ресей және басқа мемлекеттерден жетекші сарапшылардың қатысуы және сөз сөйлеуі жоспарланған. ТМД мемлекеттерінің халқы мен эли­тасының Кеден одағы, Біртұтас эко­номикалық кеңістік пен қалып­тасып жатқан Еуразиялық эконо­микалық одақты (ЕАО) қабылдауы пікірталастың басты мәселесінің бірі ретінде қарастырылады. Сондай-ақ, сессия барысында Еуразия даму банкінің ық­палдастық зерттеу орталығының негізгі жобасының бірі – «Еуразия даму банкінің интеграциялық баро­метрі» нәтижелері ұсыны­лады. Жоба аясында еуразия­лық ық­палдасудың және қауым­да­су­дың түрлі аспектілері бойын­ша қоғамдық пікірді зерттеу мақ­сатында ТМД өңіріндегі 12 елдің тұр­ғын­дарынан тұрақты түрде жыл сайын сауалдама өткізу қарас­ты­рылған. Талқылануға ұсынылатын мә­селелер бойынша пікірталастың негізгі қатысушылары ретінде сарапшылар, ықпалдасу үдерістерін зерттеушілер, Қазақстан мен Ресейдің ірі зерттеу мекемелерінің жетекшілері, университеттерден, зерттеу құрылымдарынан, сараптау орталықтарынан келген ғалымдар, Қазақстанда аккредитацияланған мемлекеттердің, халықаралық ұйым­дардың, мемлекеттік құры­лым­дардың өкілдері сөз сөйлейді. «Егемен-ақпарат».