Кәсіпқой бокс • 23 Қыркүйек, 2022

Ақылы сатылым саны қанша?

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мек­сикалық Сауль Альварес ара­сындағы үшінші жекпе-жектің қанша ақылы саты­лым (PPV) жинағаны бел­гілі болды.

Ақылы сатылым саны қанша?

Трилогияны тікелей эфирде көрсеткен DAZN стримингтік платформасының мәліметі бойынша, дүние жүзінің 1,06 млн бокс жанкүйері Головкин-Альварес айқасын ақылы негізде тамашалаған. Дегенмен бұл көрсеткіш алдыңғы екі жекпе-жектің нәтижесімен салыстырғанда аз болып тұр. Мәселен, 2017 жылы ұйымдастырылған бірінші жекпе-жек 1,3 млн ақылы сатылым (PPV) жинаған болса, екінші кездесуде 1,1 млн жанкүйер трансляцияны сатып алған.

Айта кету керек, бірінші жекпе-жектің трансляция құны – 70 АҚШ доллары болса, екінші және үшінші кездесудің ақысы – 85 АҚШ доллары болған. Бір апта бұрын АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өткен трилогияда мексикалық Сауль Альварес төрешілердің бірауыз шешімімен (116:112, 115:113, 115:113) жеңіске жеткен-ді.