Спорт • 23 Қыркүйек, 2022

Дүбірлі додада бақ сынайды

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Нидерланд пен Польшада волейболдан әйелдер арасында әлем чем­пионаты басталды. Төрт жылда бір рет ұйымдас­ты­рылатын байрақты бәсекеде Қазақ­стан құрамасы да бақ сынайды.

Дүбірлі додада бақ сынайды

Жерлестеріміз әлем чемпионатында Токио Олимпиадасының жеңімпазы АҚШ пен 2018 жылғы әлем чемпионы Сербия, сондай-ақ Гер­мания, Болгария және Канада құрама­лары­мен бірге «С» тобында сынға түседі. Қазақ­стандық қыздар жаһандық додаға 2006 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Әзірге ең үздік нәтижесі – 15-орын (2014 жыл).

Дарко Добресков жаттықтыратын Қазақ­станның қыздар құрамасы алғашқы ойы­нын ертең АҚШ волейболшыларымен өткізеді. Екінші турда Германиямен (26 қыркүйек), үшінші турда Канадамен (29 қыркүйек), төртінші турда Сербиямен (30 қыркүйек) кездессе, соңғы турда Болга­рия құрамасымен (1 қазан) шеберлік байқа­сады. Матчтар Нидерландтың Арнхем қала­сындағы «Гельредом» стадионында өтеді.