17 Мамыр, 2014

Күн тәртібі белгіленді

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтті. Онда палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тәртібінің жобасы нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Депутаттардың тал­қы­лауы­на екінші оқылымға тұр­ғын үй қаты­нас­тарына қа­тысты заңнамалық түзетулер шығарылатын болды. «Кә­сіп­тік одақтар туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен депу­тат­тарға екінші оқылымға жіберілді. Палата, солармен бірге, екі ратификацияланатын заң жо­баларына да қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылайтын болады. Олар: Қазақстан – Ресей арасындағы Қазақстан ау­мағы арқылы Қытайға ресейлік мұнайды тасымал­дау ту­ралы келісім мен Қорғас өзе­­нін­­де «Дос­тық» бір­лескен ор­­тақ су торабын бас­қару жә­не пай­да­лану туралы келі­сімдер. Сонымен қатар, осы жал­­пы отырыста Мәжіліс «Қа­зақ­­стан Рес­пуб­ликасының аза­мат­тарына, орал­ман­дарға және Қазақстан Респуб­­ликасында тұруға ықтияр­хаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасына ілеспе түзетулерімен бірге қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылайтын болады.