Қоғам • 23 Қыркүйек, 2022

Президент сайлауы: Үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстарына 10 миллион теңге бөлінеді

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенттігіне кандидаттардың әрқайсысына оның үгіт-насихат жұмыстарын қолдау үшін бюджеттен теңдей қаражат бөлінеді. Алдын ала есептеулер бойынша бұл сома 10 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент сайлауы: Үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстарына 10 миллион теңге бөлінеді

«Бізде алдын ала есептеулер бар. Барлық тарифтер бойынша БАҚ үшін (кандидаттарды теледидардан, радиодан шығады, баспа басылымдарына орналастырады), үй-жайды, көлікті жалға алу, әр кандидатқа шамамен 10 млн теңге бөлінеді. Бұл мәселе бойынша Үкіметтің шешімі мен Орталық сайлау комиссиясының шешімін әлі алған жоқпыз. Бұл жоспарлы шығындар», деп түсіндірді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина.

Бұған дейін хабарлағандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы жарлыққа қол қойған болатын. Сайлау 20 қарашада өтеді. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін сайлау жарнасының мөлшері бүгінде 3 миллион теңгені құрайды.