Қоғам • 23 Қыркүйек, 2022

Президент сайлауы: ЖОО студенттерін үгіттеуге тыйым салынады

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты қазақстандық студенттерді іс-шараларға тартуға тыйым салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент сайлауы: ЖОО студенттерін үгіттеуге тыйым салынады

«Біз жаңа және әділ Қазақстанды құрудамыз. Президент мұндай әрекеттерді қатаң бақылайды және тыйым салады. Министрлік ұйымдастыратын арнайы шаралар болмайды», деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Ол енді министрлікте студенттердің құқығын қорғайтын арнайы омбудсмен жұмыс істейтінін баса айтты.

«Айсұлу Ерниязова еліміздің белсенді азаматы, оны көптеген студенттер таниды. Ресми түрде министрлікте штат кестесі бекітілген жоқ, келесі айдың басында бекітуді жоспарлап отырмыз. Университет студенттері министр жанындағы арнайы комиссарға өтініш бере алады», деп қосты С.Нұрбек.