Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2022

Ұлытау облысының жүргізушілері мемлекеттік нөмір ала бастады

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысында 20-шы өңірді белгілейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері беріле бастады, деп хабарлайды Egemen.kz «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлытау облысының жүргізушілері мемлекеттік нөмір ала бастады

Жүргізушілер жаңа өңірді белгілейтін көлік нөмірлерін Жезқазған қаласында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығында ала алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының мәліметінше, Ұлытау облысында жаңа нөмірлік белгілерді тіркеу бүгін, 23 қыркүйекте басталды.

Жалпы өңірге жаңа үлгідегі 200-ге жуық мемлекеттік нөмір келіп түсті.

Бұрын Қарағанды облысының мемлекеттік тіркеу нөмірімен «09» сапарға шыққан облыс тұрғындары көлік құралын тіркеу ауысқанға дейін ескі нөмірмен жүруді жалғастырады.