Әлем • 23 Қыркүйек, 2022

Баку Армениямен шекарада тағы да оқ атылғанын мәлімдеді

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения қарулы күштерінің мемлекеттік шекараға оқ атқаны туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Баку Армениямен шекарада тағы да оқ атылғанын мәлімдеді

«Бейсенбі күнгі кештен бастап, қыркүйектің 23-інің таңына дейін Армения қарулы күштерінің бөлімдері Товуз, Калбажар және Дашкасан облыстарының шекаралас аймақтарында  орналасқан Әзербайжан армиясының позицияларын атқылады. Атыс әртүрлі калибрлі қарудан жасалды», деп жазылған Қорғаныс министрлігінің хабарламасында. 

Еске салсақ, 13 қыркүйекке қараған түні Әзербайжан мен Армения шекарасында қақтығыс қайта басталған еді. Сол кезде Ереван оңтүстік-шығыс шекараны атқылағанын жариялап, ҰҚШҰ-ға жүгінген.